«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №2 города Щучинск отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желілер

Схема проезда

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Елбасы медалі».

22.10.2021

«Елбасы медалі».

 

Мен, Рыбинцева Валерия, Щучинск қаласының № 2 мектебінің 11-сынып оқушысы, «Елбасы медалі» жобасының қатысушысымын. 6 ай ішінде мен 5 бағыт бойынша өз қабілеттерімді дамыттым: таланттар мен дағдылар, мәдени мұра,  дене дамуы мен спорт, кітап оқу және еріктілік. Қазір артқа қарасам, мен осындай ұзақ жолға түскеніме, көп нәрсеге қол жеткізгеніме және көп нәрсені үйренгеніме сене алмаймын!

Біріншіден, жобаның өзі менің өз қабілеттеріме деген сенімділікті арттырды, мен жауапкершілік, тәртіпті бола бастадым, уақытты дұрыс бөлуді және басымдықтарды қоюды үйрендім. 

Екіншіден, маған онлайн курстардан өтуге және шешендік, мобилография, цифрлық сауаттылық сияқты бағыттар бойынша сертификаттар алуға мүмкіндік берілді, бұл маған одан әрі сапалы фото және бейне есептер беруге көмектесті.

Үшіншіден, маған қатысушы ретінде әлемдік және қазақ әдебиеті қорынан кітаптар сыйға тартылды.

Мен жобаның бастамашысы ҚР Тұңғыш Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа «Елбасы медалі» республикалық жобасына қатысуға мүмкіндік бергені үшін зор алғысымды білдіргім келеді. Бұл менің білімімді жетілдіруге және шығармашылық қабілеттерімді кеңейтуге көмектесті!

Көп күш, еңбек пен уақыт жұмсалды. Бұл қызықты және әсерлі болды. Мен «Елбасы медалі» ерекшелік белгісін алғаныма өте қуаныштымын. Мен мұны өте мақтан тұтамын! 

Просмотров: 364


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст