2021 жылдың қыркүйек айының соңында Ақмола облыстық «Вайнах» шешен-ингуш қауымы ҚБ Абай Құнанбаев күніне арналған халықаралық әдеби-поэтикалық кешін өткізді. Оған Қазақстан Республикасының ингуштары мен шешендері, жақын және алыс шет елдері (Түркия, Германия, Бельгия), сондай-ақ Ингушетия Республикасы мен Шешен Республикасы қатысты.
Грозныйдан- «Ғылым таппай мақтанба»,«Өзіңді мақтауға асықпа...», Ыстамбұлдан - «Өз жолыңда анық бол...», Көкшетаудан - «Сөз басы», «Күз», Берлиннен- «Желсіз түнде жарық ай», Щучинсктен - «Қара сөзден...», Бурабай кентінен – «Жаз» және басқалары қатысушылар таңдаған Отан, адамгершілік, табиғат туралы ұлы Абай шығармаларының сан қырлы тақырыбы әдеби-поэтикалық кешті жарқын және ұмытылмас етті.
Іс-шараның белсеңді ұйымдастырушысы және тамаша сценарийдің авторы Щучинск қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мұғалімі- Алтынай Тоқтарқызы Баймендина болды,
А.Т Баймендинаның іс-шараны өткізуге қосқан үлесін «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Е.Б Нугмановтың алғыс хатымен атап өтілді, оны жақында «Ақмола облыстық «Вайнах» шешен-ингуш қауымы» ҚБ төрағасының жастар саясаты мәселелері жөніндегі көмекшісі Танзила Хашиева табыс етті.
«Абай Құнанбаевқа арналған халықаралық әдеби-поэтикалық кешін ұйымдастырып және өткізгені үшін алғысымды білдіремін!...Сіздің тікелей қатысуыңыздың арқасында бұл іс-шара жарқын әрі есте қаларлықтай болды. Сізге зор денсаулық, бейбітшілік, бақ-береке және жаңа шығармашылық жеңістер тілеймін!», - деп хатта айтылған.