«Жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы» акциясы

«Жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы» акциясы

2025  жылғы  10-16  қараша  аралығында  Ақмола  облысында  жыл  сайын қарашаның  үшінші  жексенбісінде  атап  өтілетін  Дүниежүзілік  жол-көлік оқиғалары  құрбандарын  еске  алу  күніне  орайластырылған  «Жол қозғалысы  қауіпсіздігі  апталығы»  республикалық  акциясы  өтуде.

Акцияның мақсаты-жолдардағы өлім мен жарақаттану мәселеріне назар аударту, сондай-ақ акция жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жол ережелерін сақтауы, бір-біріне сыйластық пен жауапкершілік танытуы маңызды екенін көрсетуге бағытталған.

2025 жылғы 13 қараша күні 4 «Г» сыныбында «Естелік пен қауіпсіздік жолы» тақырыбында тақырыптық әңгіме, сондай-ақ «Есте сақта және ойла» суреттер байқауы өтті. 

Іс-шараны сынып жетекшісі Кабзистова Светлана Юрьевна өткізді.

Осындай бастамалар балалардың жолдардағы жеке және қоғамдық қауіпсіздік мәселелеріне саналы көзқарасын қалыптастырады.

/public/files/2025/11/14/141125_122157_whatsapp-video-2025-11-13-at-101309.mp4