Өскелең ұрпақ арасында парасаттылық мәдениетін қалыптастыру шеңберінде Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаменті 28 ақпанынан 4 наурыз аралығында аты аңызға айналған ұшқыш-штурмовикке, Қазақстан авиациясының генерал-майоры, Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Талғат Бигелдиновке арналған тоқсан сайынғы "парасаттылық сағаты" акциясын өткізеді.
Талғат Бигелдинов-ерліктің, батырлықтың және Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктің символы ғана емес, сонымен қатар адамгершілік пен қарапайымдылықтың, қайсарлықтың үлгісін көрсеткен адам. Оның замандастары Талғат Бигелдиновтың өмірінде жарқын, қарапайым, мақсатты адам болғанын, оған көмек сұрап жүгінгендерге үнемі көмектесетінін айтқан.
3 наурыз күні 7 "А" сыныбында "Талғат Бигелдинов - адамгершілік пен батырлықтың үлгісі" тақырыбында "парасаттылық сағаты" өтті. 7 "А" сыныбының сынып жетекшісі Н.В Галиева.
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.А Тупенова.