«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №2 города Щучинск отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желілер

Схема проезда

' } }, { // Опции. // Иконка метки будет растягиваться под размер ее содержимого. preset: 'islands#blackStretchyIcon', // Метку можно перемещать. draggable: false }); myMap.geoObjects.add(myGeoObject); // Скрываем хинт при открытии балуна. myMap.events.add('balloonopen', function (e) { myMap.hint.close(); }); }
Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Қыздың жеке шекарасы. Жыныстық қол сұғылмаушылық"

"Қыздың жеке шекарасы. Жыныстық қол сұғылмаушылық"

Нысаналы топ: 8-11 сынып оқушылары (қыздар)

Іс-шараның мақсаты:
Жасөспірімдердің жеке шекаралары туралы түсініктерін қалыптастыру, өзіне және айналасындағыларға құрметке тәрбиелеу, жол берілмейтін мінез-құлықты тану және өзінің жыныстық қол сұғылмаушылығын қорғау білігін дамыту.
Дөңгелек үстел аясында оқушылармен қауіпсіздік немесе ішкі қолайсыздық сезімін тудыратын жағдайларды ажырата білуге және өз сезімдерін сезінуге бағытталған «Жайлылық - қолайсыздық» жаттығуы өткізілді.
Кездесу барысында келесі мәселелер қаралды:
• Жеке шекара ұғымы.
• Жеке шекара түрлері (физикалық, эмоционалдық, психологиялық, ақпараттық).
• Жеке шекараның бұзылу белгілері.
• Жыныстық қол сұғылмаушылық дегеніміз не?
• Жыныстық қол сұғылмаушылықты бұзғаны үшін жауапкершілік.
• Қауіп-қатер немесе жол берілмейтін мінез-құлық жағдайындағы іс-қимылдар алгоритмі.
Оқушылармен «Әйел табиғатының құпиялары» тақырыптық фильмі көрсетілді, одан кейін өсудің, жауапкершілік пен өзін-өзі құрметтеудің негізгі аспектілері талқыланды.
Білім алушылармен әңгімелесуді педагог-психологтар жүргізді:
Середа Ольга Михайловна
Щепина Наиля Наильевна
Іс-шара оқушылардың өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға, өзін-өзі қорғау дағдыларын дамытуға және өзіне деген сенімін нығайтуға ықпал етті.
Мектеп директорының ВР жөніндегі орынбасары Тупенова Г.А.


Текст