«Жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы» республикалық акциясы

«Жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы» республикалық акциясы

2025 жылғы 10-16 қараша аралығында Ақмола облысында жыл сайын қарашаның үшінші жексенбісінде атап өтілетін Дүниежүзілік жол-көлік оқиғалары құрбандарын еске алу күніне орайластырылған «Жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы» республикалық акциясы өтуде.

Акцияның мақсаты-жолдардағы өлім мен жарақаттану мәселеріне назар аударту, сондай-ақ акция жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жол ережелерін сақтауы, бір-біріне сыйластық пен жауапкершілік танытуы маңызды екенін көрсетуге бағытталған.

2025 жылғы 14 қараша күні 9 «Б» сынып оқушылары «Есте сақта және ойлан» тақырыбында эссе жазуға қатысты. Білім алушылар адам өмірінің құны, ЖҚЕ сақтаудың маңыздылығы, жол қозғалысының әрбір қатысушысының жауапкершілігі туралы ой қозғады. Өз эсселерінде оқушылар жол-көлік оқиғаларынан жапа шеккендерге деген жанашырлықтарын білдіріп, сондай-ақ жолда саналы әрекет етуге бағытталған өз түйіндері мен ой-тұжырымдарын жазды.

Осындай іс-шаралар оқушылардың жауапкершілік сезімін, азаматтық ұстанымын және қоғамдағы қауіпсіз өмірге деген ұмтылысын қалыптастыруға ықпал етеді.

Іс-шараны орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, 9 «Б» сыныбының сынып жетекшісі Сахнова Олеся Владимировна өткізді.