Ұйымдар тізімі
Инклюзивті білім беру онкүндігін өткізу жоспарына сәйкес, 2025 жылғы 3-15 желтоқсан аралығында мектебімізде «Біз әртүрліміз- бірақ теңбіз» тақырыбында сынып сағаты ұйымдастырылып, өткізілді.
Онкүндіктің мақсаты:
Білім беру ұйымында барлық білім алушыларды құрметтеу, қабылдау, қолдау және қолайлы орта жағдайын құру, сондай-ақ педагогтардың, балалар мен ата-аналардың инклюзивті тәсіл туралы хабардарлығын арттыру.
Іс – шара аясында 9 "Б" сынып оқушыларымен эмпатияны дамытуға, әртүрлі білім беру қажеттіліктері бар адамдарға оң көзқарасты қалыптастыруға және инклюзивті білім туралы хабардар болу деңгейін арттыруға бағытталған «Ой картасы» және «Сенемін-сенбеймін» әдістері қолданылып, пікірталас өткізілді.
Оқушылар қандай арнайы құралдар мен жабдықтар кедергілерді азайтып, барлық білім алушылардың оқу үдерісіне тең деңгейде қатысуына мүмкіндік беретінін талқылады..
Сонымен қатар практикалық жаттығу өткізілді: білім алушыларға көздерін жұмып тұрып альбом парағына сурет салу ұсынылды. Тапсырманы орындағаннан кейін оқушыларға кері байланыс үшін сұрақтар қойылды:
* Сіз не сездіңіз?
* Не туралы ойладыңыздар?
• Тапсырманы орындау қиын болды ма?
Жаттығу балаларға ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдардың қандай қиындықтарға тап болуы мүмкін екенін және олардың мектеп өміріне толық енуі үшін жағдай жасаудың қаншалықты маңызды екенін түсінуге мүмкіндік берді.
Мектеп директорының ТЖ жөніндегі орынбасары Тупенова Гульнар Аскарбековна өткізді




