Текст
Ұйымдар тізімі
Нашақорлық пен есірткілікті алдын алу
20 сәуірде 11 «Б »сыныбында «Тәуелділіктің бағасы: есірткісіз және нашақорлықсыз өмір" тақырыбында сынып сағаты өтті.
11 «Б» сыныбының сынып жетекшісі — Мельник Александра Анатольевна өткізді. Сынып сағаты барысында оқушылар есірткі және уытты заттарды қолданудың салдарын, олардың адам денсаулығына, психикасына және әлеуметтік өміріне теріс әсерін талқылады.
Өз денсаулығына саналы көзқарасты қалыптастыруға, жаман әдеттерден бас тарту дағдыларын дамытуға және жауапты шешімдер қабылдауға ерекше назар аударылды. Оқушылар талқылауға белсенді қатысып, өз пікірлерін білдірді және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы туралы қорытынды жасады
Директордың ТЖ жөніндегі орынбасары Г.А.Тупенова

