«ДосболLIKE: біз бәріміз теңбіз» республикалық челленджі

«ДосболLIKE: біз бәріміз теңбіз» республикалық челленджі

   27.04-18.05.2026 жыл  аралығында білім алушыларда қудалауға нөлдік төзімділік мәдениетін қалыптастыру, сыйластық, достық және өзара көмек құндылықтарын нығайту, сондай-ақ буллингтің алдын алу және жанжалсыз коммуникацияны дамыту мақсатында мектеп ортасында «Досболлике: біз бәріміз теңбіз» республикалық челленджі өткізіледі.  

       Челлендж аясында 3 «А»  сынып оқушылары «Игі істер марафоны»  іс-шарасына қатысып, ата-әжелеріне көмектесті.

      Іс-шараның мақсаты-балалардың бойында қайырымдылыққа, басқаларға құрметпен қарауға тәрбиелеу, достық қарым-қатынас дағдыларын дамыту, сондай-ақ отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту.

    Мұндай іс-шаралар жылы және достық атмосфераны құруға, балалар мен ересектер арасындағы жағымды қарым-қатынасты қалыптастыруға ықпал етеді, барлық қатысушыларға жақсы көңіл-күй мен жағымды эмоциялар береді.

  3 «А» сыныбының сынып жетекшісі — Вайман Галина Николаевна

/public/files/2026/5/21/210526_170737_whatsapp-video-2026-05-20-at-072817.mp4