22.02.2024 жылы кәсіптік бағдар беру жұмысын аясында Щучье қаласындағы Жоғары техникалық колледжінің өкілдері Щучье қаласындағы №2 орта мектептің 9 және 11 сынып оқушыларымен кездесулерді өткізді.

Кездесулер барысында оқушыларға 10 мамандық бойынша білім алу және шәкіртақы алу мүмкіндігі туралы ақпарат берілді. Жоғары техникалық колледжі 90 жыл бойы Ақмола облысындағы техникалық және кәсіптік білім беру саласында білікті мамандарды даярлайтын іргелі оқу орталықтарының бірі болып табылады. Бұл колледжде оқу туралы толығырақ ақпаратты https://vtk.aqmoedu.kz/ сайтынан, 8 (71636)2-33-22, 4-51-00 телефондар арқылы алуға болады.

Қосымшалар: