12 маусым дүниежүзілік балалар еңбегін қанауға қарсы күрес күні.
2002 жылы Халықаралық еңбек ұйымы 12 маусым-дүниежүзілік балалар еңбегін пайдалануға қарсы күрес күні деп жариялады. Бұл шешім Балалар еңбегін, әсіресе оның ең нашар формаларын: құлдық пен мәжбүрлеу жұмыстарын, қауіпті жағдайлардағы жұмыстарды, балаларды есірткі саудасына тарту, қарулы қақтығыстарға қатысу үшін барлық елдерде ашылған қозғалысқа қоғамның назарын аудару үшін қабылданды. "Балалар еңбегін қанауға қарсы 12 күн" ұлттық ақпараттық науқанын қолдау мақсатында мектепте келесі іс-шаралар ұйымдастырылды және өткізілді: 7 сынып оқушыларымен "Балалар еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес" атты буклеттер таратылды. 11 сынып оқушыларымен " Біз балалар еңбегін пайдалануға қарсымыз!» акциясы өткізілді.
Мектеп директорының ТЖ жөніндегі орынбасары Г.Ә.Түпенова