«Балаларды жол қозғалысы ережелеріне үйрету бойынша шағын орталықтың жұмысын ұйымдастыру» аудандық семинар
25.02.2022ж Щучинск қаласының №2 ЖОББМ базасында Бурабай ауданының мектепке дейінгі ұйымдардың (шағын орталықтардың) қызметкерлері үшін «Балаларды жол қозғалысы ережелеріне үйрету бойынша шағын орталықтың жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында аудандық семинар өткізілді, оның мақсаты педагогтердің жол қозғалысы ережелері туралы білімдерін жүйелеу, балабақша тәрбиеленушілер арасында жол-көлік жарақаттануының алдын алу бойынша социуммен өзара іс-қимыл жасау үшін жағдай жасау болды. «Солнышко» ересектер тобының тәрбиешілері С.К Жукенова мен К.Г Артемьева көңілді және ойнақы «Мектеп жасына дейінгі баланың жолдағы қауіпсіздігі: оны қалай қамтамасыз ету керек?» атты тақырыпта сюжеттік-рөлдік ойындар өткізілді. «Жаяу жүргінші» фищминутка шағын орталығының қонақтары мен қызметкерлері үшін қызықты өтті. «Гүлдер» орта тобының балалары тәрбиеші В.А Киселевич өткізген ашық сабақта көптеген жаңа және қызықты нәрселерді білді, мәңгі ұмытылмайтын жол қозғалысы ержелерін өз бетінше тапты! Ал ЖҚЕ макеттері бойынша ешкімді бей-жай қалдырмады. Абылайхан орта мектебінің «Балдырған» шағын орталығының, №4 ЖОББМ «Гүлдер» шағын орталығының, Успеноюрьев ЖОББМ «Шағала» шағын орталығының, №2 ЖОББМ «Айгөлек» шағын орталығының, №10 мектеп-интернатының «Шұғыла» шағын орталығының тәрбиешілері балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу бойынша өздерінің әдістемелік қолөнерлерін шабытпен ұсынды. Бәрекелді!!» Жарайсыңдар!!!