Текст
29 қазан, Қамқоршылар күні – ерекше мереке. Бүгін біз балаларды тәрбиелеу үшін үлкен жауапкершілікті өздеріне алған адамдарды шың жүректен осы мерекемен құттықтаймыз. Балаларды тәрбиелеу – бұл үлкен жұмыс, үлкен жауапкершілік, сонымен қатар үлкен қуаныш. Сізге мықты денсаулық, өзара түсіністік, отбасыларыңызға амандық, барлық бастамаларыңызға сәттілік пен оптимизм тілейміз! Қамқоршылар күніне орай Щучинск қаласындағы №2 орта мектепте қамқоршылар мен балаларды құттықтап тамаша мереке өтті. Қамқоршыларға оқушылардың қолымен жасалған шоколад жәшіктері мен ашық хаттар берілді, ал балаларға қамқоршылық және қорғаншылық органдарынан кеңсе тауарлары түрінде сыйлықтар тартылды.
Әлеуметтік педагог О.М. Ганеева