Құрметті ата-аналар !!!
"Бурабай ауданының білім бөлімінің Щучинск қаласының №2 орта мектебі" ММ Мемлекеттік қызмет көрсету: "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау"
Мемлекеттік қызметті бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары көрсетеді.
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай – ақ портал арқылы жүгінген кезде-қолхат алу үшін бес жұмыс күні;
бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымына қабылдау үшін:
күндізгі және кешкі оқу түрі -30 тамыздан кешіктірмей;
бірінші сыныпқа - 1 маусымнан 30 тамызға дейін;
2) Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты
-15 минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
Мемлекеттік қызметті көрсету түрі: электрондық, қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: құжаттарды қабылдау туралы қолхат беру және оқу жылының басына орта білім беру (Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) ұйымына қабылдау туралы бұйрық шығару.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну түрі: электрондық немесе қағаз жүзінде. Көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі үшін қағаз жеткізгіште жүгінген кезде нәтиже қағаз жеткізгіште ресімделеді.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының" жеке кабинетіне " көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат түрінде білім беру ұйымына қабылданғаны туралы хабарлама келеді.
Жұмыс кестесі:
Өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
портал: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
Көрсетілетін қызметті алушы (не оның заңды өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі):
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес өтініш;;
2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін талап етіледі), туу туралы куәліктің көшірмесі (егер бала 2008 жылға дейін туса);
к услугодателю:
3) денсаулық жағдайы туралы анықтама ("Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген № 063/е нысаны (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 тіркелген) және "Баланың денсаулық төлқұжаты "026/Е-3 есеп нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 бұйрығымен бекітілген " (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2423 тіркелген)));
4) баланың 3х4 сантиметр көлеміндегі 2 дана фотосуреті.
Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау үшін заңды өкілдердің келісімімен педагогикалық-медициналық-психологиялық комиссияның қорытындысы қосымша ұсынылады.
Көрсетілетін қызметті алушы-шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ олардың мәртебесін айқындайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы белгісі бар мынадай құжаттардың бірін ұсынады:
1) шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты;
2) азаматтығы жоқ адам-азаматтығы жоқ адамның куәлігі;
3) босқын – босқын куәлігі;
4) пана іздеген адам-пана іздеген адамның куәлігі;
5) оралман – оралман куәлігі.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алғаны туралы қолхат беріледі.
Порталға:
2) туу туралы куәліктің электрондық көшірмесі (егер бала 2008 жылға дейін туса);
3) денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген № 063/е нысандағы денсаулық жағдайы туралы құжаттардың (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген), "Баланың денсаулық төлқұжаты "026/Е-3 есеп нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469)); " (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2423 тіркелген)));
4) баланың 3х4 см көлеміндегі сандық фотосуреті 2 дана.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді, баланың туу туралы куәлігін (егер бала 2008 жылдан кейін туылған болса) көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет"шлюзі арқылы алады.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Анықтама үшін телефон: 56558
мекен-жайы: №2 ОМ
Щучинск қаласы, Степная көшесі 106