«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №2 города Щучинск отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желілер

Схема проезда

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Семинардың тақырыбы «Жүйелік-қызметтік тәсіл негізіндегі қазіргі сабақ»

27.01.2017


Семинардың тақырыбы «Жүйелік-қызметтік тәсіл негізіндегі қазіргі сабақ»

 

25 қаңтарда Щучинск қаласының № 2 орта мектебінде аудандық семинар практикум өткізілді.Семинардың тақырыбы «Жүйелік-қызметтік тәсіл негізіндегі қазіргі сабақ».Мектебімізде қазақ тілі мен қазақ әдебиет мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінде

10 мұғалім жұмыс жасайды.Әр мұғалім осы семинарға ат салысып қатысты.Практикалық бөлімінде бірінші бастаған мұғалімдер Абдрахманова Индира Сағатқызы 6-сыныпта ,тақырыбы «Көліктің түрлері»,Жармағанбетова Қарлығаш Сағатқызы қазақ тілі 1-сынып ,тақырыбы «Саяхат»,Шүленбаева Самал Рашитқызы 3-сынып «Мен не білемін?» сабақтарын өткізіп, кейін Оразалина Шайза Ерсайынқызы 7-сыныптар арасында «Жарыс сабағы» атты сыныптан тыс жұмыс жүргізді.

Әр мұғалімдердің берген сабақтары өте жоғары деңгейде өтті.Оқушылар белсенді қатысып отырды.Білімдерін шыңдай дәлелдеді.

Теориялық бөлімінде келесі сөз кезегі № 6 орта мектептен келген Ережепова Сәуле Мухамедрахимоваға берілді. «Орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен оқушылардың ауызекі тілінде сөйлеу қабілеттерін дамыту жолдары»  атты шеберлік сағатын өткізді.МГ№8 келген

әріптесіміз өз тәжірибесімен бөлісті. «Инновациялық технологилардың элементтерін қолдана отырып,оқкшылардың сөйлеу тілін дамыту».

Іс-тәжірибе презентациясы бойынша сөз сөйлеген әріптестер: Тастенбекова Махпал Шүкрибековна мен Турлубаева Айгуль Мукажановна «Мұғалімнің құзіреттілігі –сапалы білім негізі» тақырыбы бойынша өз ойларын дәлелдеп жеткізді.

МГ №  1 әріптестеріміз Жармұханбетова Эльмира Махметовна мен Бралина Мадина Жолдангаровна «Жүйелік-қызметтік тәсіл

негізіндегі қазіргі сабақ» атты коучинг өткізді.

Щучинск қаласындағы №2орта мектебінде өткізілген аудандық семинар практикумда әріптестер өз іс –тәжірибелерімен алмасып,білмегендерін толықтырды.

Бурабай ауданының білім бөлімінің әдіскері Бақтілеуова Клара Арынғазықызы семинардың қорытындысын жасап мұғалімдердің алдында үлкен жауапкершіліктер тұрғанын айтты.

Қазіргі заман талабына сай білікті,білімді,құзіретті оқушы дайындау үшін ұстаз алдында үлкен мақсат қойылып тұр.Сол мақсатқа жету  үшін,мұғалім әрқашан іздену керек. Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының : «Бала оқытуды жақсы білейін деген адам әуелі

балаларға үйрететін нәрселерді өзі жақсы білуі керек»деген тұжырымында «Шығармашыл ұстаз шығармашыл шәкірт дайындайды» деген ой айқын аңғарылады.Сондықтан оқушыларымыз жаңа заман талабына сай білімді,жан-жақты,қазақ тілінде өзіндік ой- толғамын жеткізе алатын,кез келген адаммен тілдік қарым-қатынасқа түсе алатын,коммуникабельді,мәдениетті тұлға болу  ұстаздың қолында.

                                                                                 

  Турлубаева Айгуль Мукажанқызы –

қазақ тілі мұғалімі

Просмотров: 454


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст