«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №2 города Щучинск отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желілер

Схема проезда

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Тіл мектебін»

19.06.2017

«Тіл мектебін»

Жазғы демалыс уақытында қазақ тілі  әдістемелік бірлестігінің мұғалімдері  оқушылармен қазақ тілі пәнінен «Тіл мектебін»  өткізуде.

 Тіл мектебі  жұмысының  мақсаты:

§  оқушылардың қазақ тілінен  сөздік қорларын байыту;

§  қазақ халқының салт-дәстүрлерімен таныстыра отырып,қызығушылықтарын ояту.

§  әр түрлі ойындар арқылы ыңталарын қалыптастыру.

§ тілге деген сүйіспеншілігін арттыру.

 

Сабақты 5-16 маусым аралығында Тастенбекова М.Ш., Шулембаева С.Р. ,Абдрахманова И.С. жүргізді.

Бұл сабаққа бастауыш және орта буын сынып оқушылары қатысты.

 Құрылған тақырыптық жоспарға сәйкес сабақтар өткізілді. Бірінші күні   ашылу сабағы болғандықтан«Кел,танысайық!» атты тақырыпта викторина жүргізілді.

Тастенбекова М.Ш. «Қазақтың салт- дәстүрлері» атты тренинг өткізді. Оқушыларды қазақ халқының салт- дәстүрлерімен таныстырды. Сабақ барысында балалар өз ойларын толықтай жеткізіп,сайысқа қызығушылықтарымен қатысты. Өз қолдарымен қазақтың ою-өрнектерін қағаз бетіне сызып үйренді. Ал

Шулембаева С.Р. қазақтың ұлттық аспаптарымен таныстырды. Оқушылар домбыраны өз

қолдарына ұстап, ойнап көрді. Қазақтың ұлттық ойындарымен танысып, ойнады. Қыз

қуу ойыны оқушыларға өте ұнады. 12-23 маусым аралығында сабақты Оразалина Ш.Е.

жүргізуде. Сабаққа оқушылар өте белсенді қатысуда және қызықты өтуде. Қазақ

тіліне тән дыбыстарды еске түсіріп, оларға мысалдар келтіреді. Әлі де алдынғы

шілде, тамыз айларында қазақ тілінен «Тіл мектебі» жалғаспақ.

 

 Қазақ тілі мұғалімі Тастенбекова М.Ш. 

 

Просмотров: 326


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст