Мектеп
өнерпаздары
Әдеттегідей Бурабай ауданында ақпан айында дәстүрлі түрде мектеп, колледж
ұжымдарының арасында шығармашылық өнерпаздар байқауы
өтеді. Биыл «Өнерпаздар мерекесін»
бірінші болып ашқан № 2 орта мектебі болды. Таңертеңнен бастап мұғалімдер мен
оқушылар әндетіп, дайындық үстінде болды.
Мерекелік іс-шара «Рухани жаңғыру» аясында: қазақстандықтардың ұлттық рухын көтеру, ұлттық мәдениетін
қайта жаңғырту, халықтың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтау. Өз халқының бастапқы мәдениетін, тарихын білу мақсатында өткізілді.
Концертке әртүрлі жастағы қатысушылар құрамы белсенділігін танытты: шағын орталығынан бастап, мұғалімдер хорымен аяқтады. Қатысушылар әртүрлі репертуар көрсетті. Сыбызғыда Побежимова Ксения мен
Мария ойнады, гитараны Бильдин Сергей, жеке нөмермен Лосенок Анжелика мен Бантос Екатерина, дуэтпен мұғалімдер Сушкова Ольга Михайловна мен Середа Роман Викторович айтты, би топтары: 1
«Б» сынып пен 5 «Б» сынып жетекшісі Н.С. Павлюченко, жеке бимен Сахнова
Виолетта, отбасылық дуэт Бантос Максим Юрьевич пен Екатерина ән айтты. Көрермендер «Айгөлек»
шағын орталығының хорын, мұғалімдер хоры мен 3Ә, 5-6 сынып оқушыларының хорын тамашалады.
«Шаш қию» салт-дәстүрі көрсетілді.
Туған елорда туралы ән айтқанда әнші қыздар Астана қаласының сәулет құрылыс суреттерінің макетін көрсетті.
Іс-шарада біздің Отанымыздың сәулеттен бастап, ән, би, салт-дәстүр мен әдеп-ғұрпының барлық
өнері мен мәдениеті көрсетілді.
Түрлі-түсті костюмдер, жалаулар,галстуктер, көз тартатындай макеттер біздің Отанымыздың сұлулығы мен көркемдігін көрсетіп, тамсандырды.
Іс-шараға қатысқандар саны 150 адам болды, дайындыққа одан да көп адам тартылды. Көбі өз өнерпаздығын көрсете білді, ал кейбір «жұлдызшылар» әлі ашылмай қалды. Келесі жылы біздің өнерпаз,
дарынды қатысушылар өздерінің көрермендерін тағы да қуантатындай болсын деп
тілейміз.
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
М.В.Гончаренко