ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ – бұл Қазақстан аумағында тұратын барлық халықтардың бірлігінің мерекесі.1 мамыр қарсаңында Щучинск қаласының№2 ЖОББМ жанындағы «Айгөлек» шағын орталығында ұмытылмас мереке өтті.Бұл мерекені балалар мен ересектер кеңінен атап өтті. Шағын орталықтың барлық жас топтары «Қазақстан бірлігі – халықтар достығында» атты ойын-сауыққа белсене қатысты.Әр топ өздерінің ұлттық бұрышын шарлармен, ленталармен безендіріп, мол дастархан мен халық өнерінің көрмелерін, сондай-ақ Қазақстан аумағында тұратын әртүрлі халықтардың өмірі мен тұрмысының ерекшеліктері туралы кітап көрмелері мен ақпараттық стендтердайындады. Топ тәрбиешілері мен балалары қазақтардың, орыстардың, татарлардың ұлттық киімдерін киді.
Мерекенің ашылуында Қазақстан Республикасының Әнұраны тыңдалды. Мерекеде, балалар ұлттық ойындар ойнап, достық туралы мақал-мәтелдер айтып, ән шырқап, әр тілде өлеңдер оқыды, осылайша бір-біріне дос болып, көмектесе алатындарын дәлелдеді.Мереке түрлі номинациялар бойынша грамоталарды салтанатты түрде тапсырумен аяқталды. Мұндай мерекелер мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының қалыптасуына белсенді әсер етеді, адамгершілік-патриоттық сезімдерін қалыптастыруға ықпал етеді, балаларға өздерінің дағдыларын, қабілеттерін, шығармашылық бастамаларын көрсетуге мүмкіндік береді, педагогикалық жұмыстың белгілі бір нәтижесін шығарады.
Шағын орталықтың әдіскері.