Осы іс-шара аясында бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби шеберлігі көрмесі ұйымдастырылды.
Педагогикалық қызметтегі ең бастысы- кәсіби шеберлікті арттыру, әрдайым алға ұмтылу, қиындықтарды абыроймен жеңу.
Жас педагогтармен, сондай-ақ жаңадан келген педагогтармен жұмыс істеу тәлімгердің жұмысындағы маңызды компоненттердің бірі болып табылады. Біздің мектеп базасында «Үздік педагог-тәлімгер» шығармашылық шеберханасы өтті.
Бастауыш сынып мұғалімі педагог зерттеуші Г.НВайман осы іс –шара аясында «Бастауыш мектепте жұмыс істеудің тиімді әдістері мен тәсілдері» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді, кәсіби құзыреттілікті дамытуға бағытталған жас мамандармен жұмыс жасау жүйесін ұсынды, 4-сыныпта орыс тілі бойынша көрнекі сабағын өткізді.
Г.Н Вайман шәкірттері де өздерінің сабақтарын көрсетті, бұл бастауыш сынып мұғалімдері К.В Савич, Ю.Д Кондратенко.