Жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік құндылықтарды ұлы тұлғалардың еңбектері арқылы қалыптастыру аясында Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті 16-20 мамыр аралығында белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Махтай Сағдиевке арналған «парасаттылық сағатын» өткізеді.
Махтай Сағдиев өзінің еңбек жолын 14 жасында туған колхозының трактор-егіс бригадасында жұмыс істей бастаған Ұлы Отан соғысы жылдарында бастады.
Кеңес жылдарында ол Көкшетау облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының төрағасы, Қазақстан Президентінің кеңесшісі қызметтерін және басқа да жоғары лауазымды қызметтерді атқарды.
Махтай Сағдиев қай жерде жұмыс істесе де, ол әрдайым өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосты. Өзінің барлық білімі мен ұйымдастырушылық қабілетін туған елінің игілігіне жұмсай отырып, ол адамдар арасында еңбекқор, белсенді азаматтық ұстанымы бар және қарым-қатынаста қарапайым адам ретінде танымал болды. Ол үшін ол өз халқының шынайы құрметі мен сүйіспеншілігіне бөленді.
Партия қайраткері қоғамдық қызметте де маңызды рөл атқарды. 1991 жылдан бастап Махтай Сағдиев ҚР Ардагерлер кеңесін басқарды, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің құрамына кірді, Президент жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасын сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия төрағасының орынбасары болды.
Мектеп диреторының ТІ жөніндегі орынбасары Г.А Тупенова.