Педагог-психолог кабинеті-білім беру процесіне қатысушыларға психологиялық көмек пен қолдаудың бірыңғай жүйесінің буындарының бірі. Оның міндеті балаларға, олардың ата – аналары мен педагогтарына уақытылы білікті консультативтік-әдістемелік, психологиялық және психокоррекциялық көмек көрсету болып табылады. Сондықтан кабинетті жобалау және толтыру өте маңызды.
2022 жылғы 16 ақпанда оқу – тәрбие процесінің тиімділігін арттыруда психолог кабинетінің рөлін күшейту мақсатында "Үздік психолог кабинеті"облыстық сырттай байқауының сараптама комиссиясының отырысы өтті. Облыстық байқауға облыстың 28 білім беру ұйымы қатысты. 1 орынды "Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ жеңіп алды.