20 қараша 1959 жылы ассамблея Бала құқықтары декларациясын, ал 1989 жылы Бала құқықтары туралы конвенцияны қабылдаған күнді білдіреді. Биылғы жылы «Бақытты ана-бақытты бала- бақытты отбасы-бақытты ел» «Счастливая мама-счастливый ребенок-счастливая семья-счастливая страна» атты ұранымен республикалық бала құқығы жөніндегі айлық өтті.
Дүниежүзілік балалар күні (UniversalChildren'sDay) жыл сайын 20 қарашада атап өтіледі. 1954 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы барлық елдерге бүкіл әлемде балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған іс –шараларға арналған әлемдік бауырластық және балалардың өзара түсіністік күні ретінде мерекелеуді осы күнді іс жүзінде атап өтуді ұсынды.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бала құқықтары туралы Конвенциясы балалардың құқықтарын қорғауға міндеттеме алған елдер ратификацияланған маңызды келісім болып табылады.
Бала құқықтары туралы Конвенцияда балалардың кім екендігі түсіндіріледі, сондай –ақ олардың барлық құқықтары мен міндеттері көрсетілген. Барлық құқықтар бір-бірімен байланысты, олардың барлығы бірдей маңызды және оларды балалардан алуға болмайды.
ТІ жөніндегі мектеп директордың орынбасары
Г.А Тупенова.