Құқықтық жалпы оқыту.
6 «Б» сыныбында «Менің құқықтарым, менің міндеттерім» тақырыбында құқықтық викторина өткізілді.
Мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыру.
Міндеттері:
1. «Құқықтар» және «міндеттер» ұғымдарын анықтап, құқықтар мен міндеттердің бірлігін көрсету.
2. Оқушылардың құқықтық мәдениетін тәрбиелеуге, адам құқықтарын құрметтеу және сақтау қажеттілігі туралы құндылықтарды қалыптастыруға ықпал ету.
3. Пікірталас ережелерін үйрету, өзгенің пікірін тыңдай білуге, өз көзқарасын дәлелдей білуге үйрету.
4. Балалардың дұрыс мінез-құлық нормаларын және тұлғаның адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу.
5. Балалардың танымдық қабілеттерін, олардың ой-өрісін дамыту.
6 «Б» сыныбының сынып жетекшісі А.Е Тулгабекова.
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.А Тупенова.