11-сыныпта "сіз Есірткі туралы шындықты білуіңіз керек" тақырыбында профилактикалық әңгіме өтті.

Нашақорлық   және   оның   салдары

Есірткіні   қолдану және құқық бұзушылық жасау салдары туралы ақпараттандыруға  бағытталған алдын  алу   іс-шаралар жоспарына сәйкес, балалар қылмысын, панасыз қалуды және нашақорлықты азайту мақсатында 11-сыныпта "Сіздер  есірткі туралы барлық шындықты білуіңіз тиіссіздер"   атты  тақырыбында   алдын  алу   әңгіме өткізілді. Сынып жетекшісі А.М  Турлубаева.  Әңгіменіңмақсаты:    жасөспірімдерге   өз денсаулығына деген құндылықты, жауапкершілікті қалыптастыру, салауатты өмір салты заңдарын сақтауға дайын болу; есірткінің физикалық денсаулыққа теріс әсері туралы түсінік қалыптастыру.

ТІ  жөніндегі  мектеп директордың  орынбасары Г. А Тупенова.