«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №2 города Щучинск отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желілер

Схема проезда

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

1 СЫНЫПТА БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІ БАҒАЛАНБАЙДЫ

1 СЫНЫПТА БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІ БАҒАЛАНБАЙДЫ

Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінің @rsk_akmola алаңында өткен брифингте мәлім болды. 

Бағалау жүйесі «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

1.         Қалыптастырушы бағалау нәтижелері күн сайын электрондық/қағаз журналға балл түрінде қойылады. Бағаланатын бала санын педагог өзі анықтайды.

2. Қалыптастырушы бағалау үшін ең жоғары балл 2-11 сыныптарда 10 балдан аспайды, бұл ретте 1-3 балл төменгі деңгей критерийлеріне сәйкес келеді,   4-7 балл – орта деңгей, 8-10 балл – жоғары деңгей.

2.         Мұғалім күн сайын журналда білім алушылардың оқу жетістіктерінің ілгерілеуін балл түрінде белгілейтін болады.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 28 тамыздағы № 373 бұйрығына сәйкес, төтенше жағдайлар жағдайларында және қашықтықтан оқыту кезінде жиынтық бағалау 2-11 (12) сыныптарда жүргізіледі. Ал 1-сыныпта білім алушылардың оқу жетістіктері бағаланбайды. 

            «БЖБ максималды ұпайы қалай есептеледі?» деген сұраққа облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ботакөз Дүйсенова былай дейді: - «БЖБ үшін максималды балл формаға сәйкес есептеледі (бақылау, практикалық немесе шығармашылық жұмыс, жоба, ауызша сұрау, эссе), БЖБ сабақ өткізу және БЖБ аяқтау уақыты реттелмейді. Карантиндік, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жағдайында білім алушының оқу жетістіктері ұпаймен формативті түрде бағаланады. Сонымен бірге қалыптастырушы бағалау үшін максималды балл 2-11 сыныптарда 1-ден 10 балға дейін болуы керек. Кері байланыс беру үшін электронды журналдың айдарын пайдаланады».

 Сондай-ақ, БЖБ және ТЖБ өткізілетін пәндер мектептің жұмыс оқу жоспарына сәйкес анықталады.

    

Жаңартылған күні: 12.10.2020 14:33
Құрылған күні: 31.12.2021 11:23

Текст