«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №2 города Щучинск отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желілер

Схема проезда

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Өсімдіктер – жердің өкпесі!

20 сәуірде шағын орталығымызда мектеп жасына дейінгі балаларды экологиялық тәрбиемен білім беруге арналған онкүндік жалғасын тапты. Таңертеңнен бастап балалардың шуы, балалардың қуанышты эмоциялары тыным таппады.Басқаша қалай болар еді, өйткені бүгін  «Гүлдер» орта тобы мен «Солнышко» ересек тобының балалары тәрбиешілер Марина Витальевна Галимджанова және Виалета Анатольевна Киселевичпен бірге сиқырлы орман арқылы таңғажайып саяхатқа шықты.«Гүлдер» тобындағы ашық сабақта, балалар ормандпғы аюдан хат алды, онда ол қысқы ұйқыдан оянуға көмектесуін өтінді, өйткені көктем келді!Балаларға көмекке тапқыр Маша келді, ол балалармен  бірге жұмбақтар шешіп, физикалық жаттығулар орындап, пластилиннен көктемгі жапырақтарды мүсіндеді. Ал жақсы жұмыстарға алғыс ретінде орман жануарлары балаларға көңілді бояулар сыйлады.

 

«Жасыл достар» сабағында «Солнышко» тобындағы балалар арасында ертегі атмосферасы қалыптасты.Жеті түсті желбір гүлдің көмегімен балалар Зенландия еліне пойызбен барды.Олар көптеген бекеттердегі белестерден өтіп барлық тапсырмаларды дұрыс орындады.Барлық сабақ сиқырға толы болды, балалар Виалета Анатольевнаның әрбір айтқан сөзіне таң қалды.Олар гүлдерді теріп, өсімдіктердің қажеттіліктеріне қарай суреттерді орналастырды, физикалық жаттығуларын жасады, жұмбақтарды шешіп, пазлдарды жинады, өсімдіктермен тәжірибе жасады, әртүрлі кедергілерден өтті.Олар бәрін тез және дұрыс жасады. Жарайсыңдар балалар! Сабақ соңында олардың табиғатқа деген ұқыптылығы мен туған жерге деген сүйіспеншілігі үшін орман жануарлары сыйға тартқан сиқырлы сандықтың мазмұнымен танысты!

Шағын орталықтың әдіскері

Жаңартылған күні: 20.04.2023 15:07
Құрылған күні: 20.04.2023 15:07

Текст