«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №2 города Щучинск отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желілер

Схема проезда

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы жария талқылаулар

 

Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы жария талқылаулар

"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы  5-тармағына сәйкес жыл сайын көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызмет есептерінің жария талқылаулары өткізіледі.  Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызмет туралы есептер жария талқылауларды өткізу жетекшілік ететін саладағы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша халықты ақпараттандыруға бағытталған. Жария талқылаулар көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің есептілігі мен ашықтығы, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін тұрақты жетілдіруді, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарын іске асыруды  қамтамасыз етуге де арналған.

Ағымдағы жылдың 01 наурызынан 30 наурызына дейін ауданның білім беру бөлімі мен білім беру ұйымдарының сайттарында (Қызмет) бөлімінің «Жария талқылаулар» кіші бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсететін бөлімдерінің  2021 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметінің нәтижелері туралы есептер орналастырылатын болады.  Аудан тұрғындарына «пікір» терезесінде ұсыныстар немесе ескертулер қалдыруға мүмкіндік беріледі.

Ауданның барлық тұрғындарына жария талқылауларға белсенді қатысуға өтініш білдіреміз.


Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 23.02.2022 14:25
Құрылған күні: 10.03.2022 17:26

Текст