Туберкулезді алдын алу

   10 наурызда фтизиатр-дәрігері  Ботагоз Жаксымбетовна Кусаинова  7-8 сынып оқушыларының алдында туберкулезді  алдын алу бойынша дәріс оқыды.

    Кездесу барысында маман оқушыларға бұл аурудың қауіпті екендігі туралы айтып, туберкулезді жұқтырудың негізгі жолдарын түсіндірді. Балаларға жадынамалар мен сауалнамалар таратылды.

   Сондай-ақ оқушыларға жеке гигиена ережелерін сақтаудың, салауатты өмір салтын ұстанудың және медициналық тексеруден уақтылы өтудің маңыздылығы туралы ескерту берілді.

  Мектеп директорының ТЖ

жөніндегі орынбасары  Г.А.Тупенова