Ұйымдар тізімі
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғын үйден тыс болу фактілерін анықтау шеңберінде 2026 жылғы 7 наурызда кәмелетке толмағандардың тұрғын үйден тыс болуына жол бермеу мақсатында сағат 22.00-ден кейін түнгі профилактикалық рейд жүргізілді.
Рейд мектеп педагогтері: Кондратенко Ю.Д., Морозов О.М., Шрейнер И А. жүргізілді.
Рейд барысында мектеп пен қала аумағына іргелес шағын ауданның көшелері, сондай-ақ жасөспірімдер жиналуы мүмкін орындар (Ақжелкен, «Кинза», «Арай», «Мерей» дәмханалары, «Астрори» интернет клубы , аула аумақтары) зерттелді.
Мектептің кәмелетке толмаған білім алушыларының заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22.00-ден кейін тұрғын үйден тыс болу фактілері анықталған жоқ.
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыс жалғастырылатын болады.




Мектеп директорының ТЖ
жөніндегі орынбасары
Г.А.Тупенова