Ұйымдар тізімі
Заң мамандықтары
«Адалазамат» тәрбиелеу бірыңғай бағдарламасының «Заң және тәртіп» айлығы аясында, тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес, 2026 жылғы 19 қаңтарда полиция қызметкерлерімен «Заң мамандықтары» тақырыбында кездесу өткізілді.
Іс-шараға ӘПБ бастығы, полиция майоры Гейнц Виктор Викторович, сондай-ақ МЖБ инспекторы Қабиболла Ертарғын Дулатұлы шақырылды. Кездесу барысында полицейлер оқушыларға өздерінің кәсіби қызметтері, ішкі істер органдарындағы қызметтің ерекшеліктері және заңды сақтаудың маңыздылығы туралы айтып берді.
Полиция қызметкерлері оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, құқықтық нормаларды түсіндіріп, әрбір азаматтың өміріндегі жауапкершілік пен құқықтық сауаттылықтың маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар, құқық бұзушылықтың, қорқытып алудың, интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша дәріс өткізілді, сондай-ақ есірткі құралдарын пайдаланудың зияны түсіндірілді.
https://www.instagram.com/reel/DTrwTjIDNQO/?igsh=MWpmcGp2MnJqbXIzbQ==

