«Мектептегі тәртіп – ортақ жауапкершілік»

«Мектептегі тәртіп – ортақ жауапкершілік»

1 қыркүйек күні мектепте «Мектептегі тәртіп – ортақ жауапкершілік» тақырыбында іс-шаралар өтті.

Іс-шара аясында Бурабай ауданының полиция қызметкерлері оқушылармен буллинг пен ақша бопсалаудың алдын алуға бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шараның мақсаты – оқушыларды мектептің ішкі тәртіп ережелерімен, олардың құқықтары мен міндеттерімен таныстыру, сондай-ақ қауіпсіз, жауапты және тәртіпті мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.

Мұндай кездесулер оқушыларға ережелерді сақтаудың, бір-біріне құрметпен қараудың және қауіпсіз білім беру ортасын құрудың маңыздылығын түсінуге көмектеседі.
Тәрбие және мектептен тыс жұмыстар жөніндегі директордың орынбасары
Г.А. Тупенова