«Жас-спірім» жедел алдын-алу шарасы
Ағымдағы жылдың 13-19 қыркүйек аралығында Бурабай ауданының аумағында «Жасөспірім» жедел алдын-алу іс-шарасы өткізіледі. Іс-шараның мақсаты қынырылық, қайыршылықпен айналысатын, сондай-ақ спирттік ішімдіктерді, есірткі және психотроптық заттарды тұтынатын кәмелетке толмағандарды анықтау, ПБ профилактикалық есепте тұрған кәмелетке толмағандардың тұрғылықты жері бойынша тексеру жүргізу, кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз және құқық бұзушылықтарына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, оларды жою жөнінде шаралар қабылдау, құқыққа қарсы мінез-құлыққа бейім кәмелетке толмағандарды анықтау, олардың өз тарапынан құқық бұзушылықтардың алдын алу жөнінде кешенді шаралар қабылдау болып табылады.
14 қыркүйекте біздің мектепте Бурабай аудандық полиция бөлімінің КТІ жөніндегі инспекторлары полиция капитаны Е.К Бекентаев пен аға лейтенант С.К Ергалиев «Жасөспірім» жедел алдын алу шарасы аясында 9-сынып оқушыларымен әңгіме өткізді.
Мектеп директорының ТІЖ орынбасары
Г.А Тупенова.