«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Білім туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына, «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерінжәне оны беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы №320 қаулысына, «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, мамандандырылған, арнаулы білім, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, балаларға және ересектерге қосымша білім беру ұйымдарының үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы №385 бұйрығына, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №29329 болып тіркелген) сәйкес Ақмола облысының әкімдігі қаулы етілген,мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған,мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілерінің санаттары көрсетілген, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап тамақтандыру үшін шығындартолық көлемде өтелетін болады. Бұл тәрбиеленушілердің келесі санаттары:
- атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балаларға;
- көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға.