Текст
Бүгін «Үздік бастауыш сынып мұғалімі» облыстық сырттай байқауының қорытындысы шығарылды. Байқау педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамытуға, жоғары кәсіби педагогтарды анықтауға және қолдауға, олардың біліктілігін арттыруға бағытталған. Қазылар алқасының жұмысының қорытындысы бойынша бастауыш сынып мұғалімі К.В Савич «Үздік портфолио» номинациясымен марапатталды.