Қаржылық қауіпсіздік бойынша компьютерлік ойын «Қаржысақысы»

Қаржылық қауіпсіздік бойынша компьютерлік ойын «Қаржысақысы»

«Адалазамат» тәрбиесінің бірыңғай бағдарламасының «Заң және тәртіп» айлығы аясында тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес 2026 жылғы 22 қаңтарда 9 «Б», 9 «Г» және 11 «Б «сыныптарында «Қаржысақысы» тақырыбында қаржылық сауаттылық бойынша компьютерлік ойын өткізілді.

Іс-шараның мақсаты - білім алушыларда қаржымен қауіпсіз жұмыс істеу және қаржылық алаяқтықтан қорғау дағдыларын қалыптастыру.

Іс-шара барысында оқушылармен қаржылық қауіпсіздік түсінігі туралы әңгімелесу жүргізілді, қаржылық қауіп-қатерлердің негізгі түрлері және олардың алдын алу тәсілдері қаралды. Қатысушылар компьютерлік ойынның бірнеше деңгейінен өтті:

• 1-деңгей - «Шындық немесе алдау»

• 2-деңгей - «Қаржылық тұзақ»

• 3-деңгей - «Қауіпсіз таңдау»

Сонымен қатар, оқушылар үшін онлайн-викторина ұйымдастырылып, олар алған білімдерін бекітті. Іс-шара соңында «Қаржылық қауіпсіздік: өзін-өзі қорғау» тақырыбы бойынша қаржылық қауіпсіздікке төнген негізгі қатерлер мен негізгі тәртіп ережелері талқыланды, одан кейін ойынның қорытындысы шығарылды.

Іс-шараны жаһандық құзыреттілік мұғалімі өткізді Тупенова Гулнар Аскарбековна.