«Қаржы сақшысы» қаржылық қауіпсіздік бойынша компьютерлік ойыны

"Адал азамат" Бірыңғай тәрбие бағдарламасының "Заң және тәртіп" айлығы аясында тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес 2026 жылғы 22 қаңтарда                      9 "Б", 9" Г "және 11" Б "сыныптарында "Қаржы сақшысы" тақырыбында қаржылық сауаттылық бойынша компьютерлік ойын өткізілді.

     Іс-шараның мақсаты-білім алушылардың ақшалай қаражатпен қауіпсіз жұмыс істеу және қаржылық алаяқтықтан қорғау дағдыларын қалыптастыру.

         Іс-шара барысында оқушылармен қаржылық қауіпсіздік ұғымы туралы әңгіме жүргізілді, қаржылық қауіптердің негізгі түрлері және олардың алдын алу жолдары қарастырылды. Қатысушылар компьютерлік ойынның бірнеше деңгейінен өтті:

  • 1 деңгей — «Шындық немесе алдау»
  • 2 деңгей — «Қаржылық тұзақ»
  • 3 деңгей — «Қауіпсіз таңдау»

     Сондай-ақ оқушылар үшін онлайн-викторина ұйымдастырылды, оның барысында олар алған білімдерін бекітті. Іс-шара соңында "Қаржылық қауіпсіздік: өзіңді қорға" тақырыбы бойынша қаржылық қауіпсіздікке төнетін негізгі қатерлер мен мінез-құлықтың негізгі ережелері талқыланды, содан кейін ойынның қорытындысы шығарылды.

  Іс-шараны жаһандық құзыреттілік мұғалімі Тупенова Гульнар  Асқарбековна өткізді.