«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №2 города Щучинск отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желілер

Схема проезда

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Оқушыларға қысқы демалысқа нұсқаулық!

Оқушыларға қысқы демалысқа нұсқаулық!

 

             Құрметті балалар! Сонымен көптен күткен демалыс уақыты келіп қалды, дем алуға, көңіл көтеруге, достарыңызбен сөйлесуге жеткілікті уақыт бар.  Бірақ, демалыс қуанышына көлеңке түсірмеу, жақындарды ренжітпеу үшін, демалыс кезінде жеке қауіпсіздік ережелерін ұмытпауыңыз керек екенін ескертемін.  

Қысқы демалысты өткізу ережелері.

1. Мұздан, аяздан сақ болыңыз! Ғимараттардың бойымен жүрмеңіз – қар мен мұз түсуі мүмкін.

2. Шаңғы, коньки тебу кезінде өте сақ болыңыз

3. Су айдындарының жанында болған кезде, мұздың үстімен жүрмеңіз (мұз қауіпті болуы мүмкін).

4. Бенгал оттарды, петардаларды тек ересектердің қатысуымен және рұқсатымен арнайы белгіленген жерлерде, қауіпсіздік техникасын пайдалану жөніндегі нұсқаулықты сақтай отырып қолданыңыз. Бенгал оттарын өрт ережелеріне байланысты бөлмелерде жағуға, балауыз шамдарымен от шашуларды қолдануға болмайды.

 Есіңізде болсын, ашық от әрқашан қауіпті!

5. Күнделікті өмірде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз. Газ плитасын, электр құрылғыларын мұқият қолданыңыз, оларды қараусыз қалдырмаңыз.   

6. Қоғамдық орындардағы тәртіп, жол ережелерін сақтаңыз.   

7. Жаңа жылдық жаппай мерекелік шаралар өткізілетін жерде жарақаттанбау үшін көпшіліктен аулақ болыңыз.

8. Өткір пышақ пен кескіш, тез тұтанғыш, жарылғыш заттармен, атыс және суық қарумен, оқ-дәрімен ойнауға болмайды.

9. Дәрігердің нұсқауынсыз дәрі-дәрмектерді, есірткілерді, алкогольдік сусындарды қолданбаңыз, темекі шекпеңіз және улы заттарды иіскемеңіз.

10. ҚР 442 баптың әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін орындаңыз. Түнгі уақытта  кәмелетке толмағандар үшін  ойын-сауық мекемелерде немесе үйден тыс жерлерде заңды өкілдерімен қостауыңсыз 22:00 –ден кейін болу (карантин кезінде 21:00-ге дейін)

 11. Демалыс кезінде балалар көбіне үйде жалғыз қалады. Жеке қауіпсіздігіңіз үшін:

- бейтаныс адамға есікті ашпа;

- үйдің (пәтердің) кілтін «құпия» жерде қалдырма;

- кілтті мойынға ілме;

- егер кілтті жоғалтсан,бұл туралы ата-анаңызға дереу хабарла;

- ешқашан жаңа сатып алған нәрсемен мақтанба.

        

Тәрбие жұмысы жөніндегі мектеп директорының орынбасары

Түпенова Г.А.

Жаңартылған күні: 30.12.2020 15:52
Құрылған күні: 30.12.2020 15:52

Текст