2019-2020 оқу жылының І жартыжылдығындағы мониторингтік комиссия жұмысының қорытындысы бойынша
Ақпарат
Мониторингтік комиссияның жұмысы әзірленген және бекітілген жоспарға сәйкес жүргізіледі. Мониторингтік комиссия мүшелері асханаға, қосалқы бөлмелерге, тоңазытқыш-технологиялық жабдықтарға тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы бойынша акт құрылды:
1.Асхана қызметкерлері мед.қараудан өткен, жұмыс істеуге болатынытуралы мөр таңба басылған.
2. Асхана үй-жайы (ас блогы, қосалқы үй-жай және тамақ ішуге арналған залы ) таза.
3. Өндірістік үй-жайлардың санитарлық-гигиеналық жағдайы санитарлық нормаларға сәйкес келеді.
4. Жабдықтардың техникалық жағдайы (электр плиталар, үрмелі шкафтар, тоңазытқыштар, ыстық суға арналған титан, сору) бәрі жұмыс істейді.
5. Техникалық және жинау материалдары таңбаланған.
6. Ыдыс-аяқ жуғыш (жуу үшін) сапалы өңделген, қажетті раковиналармен жабдықталған.
7. Жуғыш құралдар жеткілікті мөлшерде және қауіпсіз.
8. Тамақ ішуге арналған зал ас ішуге арналған үстелдермен және орындықтармен жабдықталған.
9. Бақылау тағамдарына арналған сөре жабдықталған.
10. Қайнаған су еркін қол жетімді.
11. Аптасына перспективалық мәзір жасалады, директормен бекітіледі.
12. Оқушыларға аргалған тегін және ақылы ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін мәзір бар.
13. "Дұрыс тамақтану" бұрышы ресімделген.
14. Оқушылардың тамақтану кестесі жасалған.
15. Әкімшілік, мұғалімдер тарапынан асхана бойынша кезекшілік кестесі жасалған.
16. Қол жууға арналған раковиналар жақсы санитарлық-гигиеналық күйде және сабынға арналған резервуарлармен жабдықталған.
17. Асханада бейнебақылау бар.
Ас мәзірі нормаға және тағамдардың құндылығына сәйкес жасалған, СанПИН нормаларына сәйкес келеді. Өнімдерді тарату санитарлық нормаларға сәйкес жүзеге асырылады. Дайын өнім санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес белгіленген мерзімде өткізіледі. Тамақ өнімдері мен дайындамалардың дұрыс көршілестігі жүзеге асырылады. Күн сайын өнімдерді сату мерзімін тексеруі жүргізіледі, яғни өнімдердің келіп түскен күні тексеріледі (әкелу мерзімі жүкқұжаттың және сертификаттардың бар болуы) өнімдердің көршілес болуы, дайындамалар мен жартылай фабрикаттарды сақтау шарттары тексеріледі.
Әлеуметтік оқытушысы О.М.Ганеева