Бурабай ауданында бекітілген аумақтарды тазарту және абаттандыру айлығы жалғасуда. Шағын орталықтың қызметкерлері де шетте қалмады.Балалардың ойын алаңдары мен маңайындағы аумақты тазарту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. Ал балалармен өткізілетін сабақтарда барлық топтардың тәрбиешілері табиғатқа, оны құрметтеуге байланысты әңгіме жүргізді.Балалармен серуендеу кезінде мұғалімдер балаларға қызметкерлердің көгалдарды қалай тазалайтынын, былтырғы жапырақтар мен қураған ағаштарды қалай алып тастайтынын, ағаштарды кесетінін, гүлзарларды тазалап, дұрыс ретке келтіретінін көрсетті.
Еңбегіміздің нәтижесін көру ғанибет, әрқайсымыз бұл іске өз жылуымыздың бір бөлігін енгіздік. Жақсы күтілген аумақ айналадағылардың көзін қуантады. Ал тәрбиеленушілердің ұжымда жұмыс істей қабілеті, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауы қалыптасады.
Экологиялық сенбілікке қатысқандардың барлығына рахмет!
Шағын орталықтың әдіскері.