«Құқықтық мәдениет және оның маңыздылығы» бірыңғай сынып сағаты

«Құқықтық мәдениет және оның маңыздылығы» бірыңғай сынып сағаты

«Адалазамат» бағдарламасы аясында 2026 жылдың 12 қаңтарында 3 «А» сыныбында «Құқықтар мен міндеттер» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өтті.

Іс-шараның мақсаты - оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, өз құқықтары мен міндеттерін түсінуін дамыту, сондай-ақ қоғамдағы заңдар мен мінез-құлық нормаларына құрметпен қарауды тәрбиелеу.

Сынып сағаты барысында оқушылар баланың негізгі құқықтарымен танысып, оқушының міндеттерін талқылады, өмірлік жағдайларды талдап, әңгімеге белсене қатысты. Іс-шара бастауыш сынып оқушылары арасында жауапкершілікті, құқықтық сана мен мінез-құлық мәдениетін дамытуға ықпал етті.

Сынып жетекшісі Вайман Галина Николаевна.