«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №2 города Щучинск отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желілер

Схема проезда

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2021-2022 оқу жылындағы критериалды бағалау бойынша талдамалық есеп.

Талдаудың мақсаты: 2020 – 2021 оқу жылындағы қызмет нәтижелеріне әсер еткен факторлар мен жағдайларды айқындау негізінде жаңа оқу жылында критериалды бағалау бойынша жұмысты жоспарлаудың талдаиалық негіздемесі.

Талдау көздері:

  • мониторингтік зерттеулер материалдары;
  • мектепішілік бақылаудың және мектепішілік жедел ақпараттың жүйелендірілген   

     деректері (кестелер, диаграммалар, графиктер, педагогикалық жағдайлар мен бақылау

     объектілерінің сапалық және сандық сипаттамалары);

  • сабаққа қатысу нәтижелері бойынша анықтамалар
  • БЖБ және ТЖБ нәтижелері ;
  • әкімшілік мүшелерінің басқару қызметінің нәтижелері;
  • педагогикалық кадрлармен жұмыс нәтижелері;
  • ата-аналармен жұмыс нәтижелері;

ОҚУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ТАЛДАУ

       2020-2021 оқу жылында педагогикалық ұжымның қызметі «ҚР Білім туралы» заңының, «Тіл туралы» заңның, жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларының, ҚР БҒМ бұйрықтарының, «жаңа оқу жылының басталуы туралы» нұсқаулық-әдістемелік хаттың талаптарына сәйкес ұйымдастырылды, Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны келесі нұсқаулық-әдістемелік құжаттармен реттеледі:

  • Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бастауыш,негізгі орта, жалпы орта);
  • Жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалауды жүргізу тәртібі;
  • Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық;
  • Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне критериалды бағалау бойынша нұсқаулық;
  • Аймақтық және мектеп үйлестірушілері үшін критериалды бағалау бойынша нұсқаулық;
  • Формативті бағалау бойынша тапсырмалар жинағы;
  • Жиынтық бағалау бойынша әдістемелік ұсыныстар.

   Әрбір тоқсан мен БЖБ жиынтық жұмыстарды жүргізудің жасалған және бекітілген кестесіне сәйкес осы жұмыстар уақтылы жүргізілді. БЖБ және ТЖБ талдауы жалпы пәндер бойынша білім сапасы тұрақты, оң динамика бар екенін көрсетті.

Критериалды бағалау бойынша жұмыс жоспарына сәйкес оқу жылы ішінде нормативтік құжаттармен танысу бойынша кеңестер өткізілді.

«Критериалды бағалау мектептегі бағалаудың жаңа түрі ретінде», «Жиынтық бағалауды өткізу тәртібі» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Семинар практикум өткізілді.Сабақтың мақсаттарына сәйкес тапсырмаларды құрастыру. ҚО шеңберінде ойлау дағдыларының  деңгейлері бойынша бағалау критерийлерін бөлу.

«Тиімді ҚБ өткізу үшін педагогтің қажетті дағдылары» коучингі

«БЖБ және ТЖБ құрастыру бойынша мұғалімдерді оқыту» әдістемелік семинары

Мектеп педагогтеріне оқу жылы бойы формативті бағалау және оқу процесінде кері байланыс жасау бойынша әдістемелік көмек көрсетілді.

2021-2022 оқу жылына арналған жоғарыда аталған  міндеттерге сүйене отырып:

Критериалды бағалаудың міндеттері

- Оқу процесінде бағалау мүмкіндіктері мен функцияларын кеңейту

- Білім алушылардың үнемі өзін-өзі жетілдіруіне жағдай жасау;

- Бағалаудың бірыңғай стандарттарын, сапалы механизмдерін қалыптастыруға ықпал ету

- Объективті, үздіксіз кері байланыс ұсыну.

 

Директордың ОІ жөніндегі орынбасары:                        Г.И. Сейдахметова

Жаңартылған күні: 10.06.2022 09:35
Құрылған күні: 10.06.2022 09:35

Текст