«ДосболLIKE челленджі : біз бәріміз бірдейміз»

«ДосболLIKE челленджі : біз бәріміз бірдейміз»

   13.05.2026 жылы 9 «А» сынып оқушылары «Бейбітшілік мейірімділіктен басталады!» акциясына қатысты. Іс-шара аясында білім алушылар «Дұрыс сөздер әлемінде өмір сүр» тақырыбында бейнеролик тамашалады.

   Челлендждің мақсаты-өзара сыйластық, қабылдау және ынтымақтастық қағидаттарына негізделген қауіпсіз және қолдаушы білім беру ортасын қалыптастыру.   

     Челлендждің міндеттеріне оқушылардың сындарлы қарым-қатынас дағдыларын дамыту, эмпатия мен әлеуметтік жауапкершілік деңгейін арттыру, сондай-ақ оқушылар ұжымында достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған бірлескен іс-шараларға оқушыларды тарту кіреді.

Іс-шара барысында оқушылар жылы сөздердің мағынасын, бір-біріне құрметпен қарауды және мектеп ортасында қолайлы атмосфера құрудың маңыздылығын талқылады. Акция жасөспірімдер арасында толеранттылықты, өзара түсіністікті және қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеуге ықпал етті. 

Мектеп директоының ТЖ жөніндегі орынбасары Г.А. Тупенова