"Балалар еңбегін қанауға қарсы 12 күн" ұлттық ақпараттық компания.
Компанияның негізгі мақсаты балалар еңбегін қолдану мәселесіне қоғамдық назар аудару болып табылады. Бала құқықтары туралы Заң әрбір баланың еңбек бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға құқығын айқындайды. Баланың еңбек ету құқығына қатысты оның баланың дене бітіміне, адамгершілік және психикалық жағдайына және оны оқыту процесіне зиян келтірмеу шарттарын сақтай отырып, оқудан бос уақытта іске асырылатыны көзделеді. Бала құқықтары туралы Заң, сондай-ақ Еңбек кодексі да балалар еңбегін ауыр дене жұмыстарына және еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарға тартуға тыйым салады.
Егер біздің айналамызда балалардың денсаулығына, қауіпсіздігіне немесе имандылығына зиян келтіруі мүмкін қызметке тартылған балалар болса, әрқайсымыз бұл туралы бей-жай қалдырмауға тиіс. Біздің іс-әрекетіміз-нақты, біздің балаларымыздың болашағы. Біз оларға лайық ең жақсысын беререміз.
Мектеп директорының ТЖ жөніндегі орынбасары Г.Ә.Түпенова