«Жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы» акциясы

«Жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы» акциясы

2025 жылғы 10-16 қараша аралығында Ақмола облысында жыл сайын қарашаның үшінші жексенбісінде атап өтілетін Дүниежүзілік жол-көлік оқиғалары құрбандарын еске алу күніне орайластырылған «Жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы» республикалық акциясы өтуде.

Акцияның мақсаты-жолдардағы өлім мен жарақаттану мәселеріне назар аударту, сондай-ақ акция жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жол ережелерін сақтауы, бір-біріне сыйластық пен жауапкершілік танытуы маңызды екенін көрсетуге бағытталған.

13 қарашада 3 «Д» сыныбында «Қауіптен аулақ болу үшін жол қозғалысы ережелерін сақтаңыздар!», сондай-ақ «Есте сақта және ойлан»  суреттер байқауы өтті.

Іс-шараны сынып жетекшісі Залевская Елена Викторовна  өткізді.

Осындай бастамалар балалардың жолдардағы жеке және қоғамдық қауіпсіздік мәселелеріне саналы көзқарасын қалыптастырады.

/public/files/2025/11/14/141125_134301_whatsapp-video-2025-11-13-at-164346.mp4