«Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» республикалық акция

     2026 жылғы 18 мамырдан 8 маусымға дейін Қазақстан Республикасының аумағында өтіп жатқан және балалардың құқықтарын қорғауға және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан»  республикалық акциясы аясында 19 мамырда 11 «Б» сыныбында «Отбасындағы қатыгездіксіз Қазақстан» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.

    Іс-шара барысында оқушылар отбасындағы мейірімді және сенімді қарым-қатынастардың маңыздылығын, баланың құқықтарын, сондай-ақ жанжалды жағдайлар мен зорлық-зомбылық көріністерінің алдын алу жолдарын талқылады. Балалар талқылауға белсенді қатысып, өз пікірлерімен бөлісті, отбасы мүшелері арасындағы өзара көмек, қолдау және сыйластық қарым-қатынас мысалдарын келтірді.     

     Республикалық акцияның мақсаты-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, балалар мен отбасының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сыйластық, өзара түсіністік және бейбіт қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды нығайту және өскелең ұрпақты тәрбиелеу үшін қауіпсіз орта құру.

11 «Б»  сыныбының сынып жетекшісі — Мельник Александра Анатольевна.