Семинарды әдістемелік кабинетінің әдіскері Н.М.Касенованың құттықтау сөзімен басталды.Шараның маңыздылығына тоқталып, әріптестерімен бөлісетін ақпараттың құндылығын атап өтті. Сеитова Г.Б. Оқжетпес жалпы білім беретін мектебінің биология және химия пәнінің мұғалімі «Кеңес банкі: қалай шебер мұғалім болу керек»; Сейдахметова Г.И. №2 ОМ биология пәні мұғалімі «Биология сабақтарында зерттеушілік әдісті қолдану арқылы жоғары деңгейлі ойлау қабілеттерін дамыту»; Кононец О.В. Николаевка орта мектебінің биология және химия пәнінің мұғалімі «Сабақта заманауи педагогикалық және ақпараттық технологияларды қолдану арқылы білім сапасын арттыру»; Зарлыкова М.Е. Зеленый бор ауылының мектеп-гимназиясының биология пәні мұғалімі «Жасанды интеллект мүмкіндіктері»; Зенкова В.В. Зеленый бор ауылының мектеп-гимназиясының биология пәні мұғалімі "Биология және экология саласындағы дағдылар мен білімді дамыту үшін құнды білім беру кеңістігі ретінде мектептің тәжірибелік учаскесі" атты тақырыптары бойынша өздерінің іс-тәжірибиелерімен бөлісті.
Биология мұғалімдерінің кездесуі жылы және достық атмосферасында өтті.