Профилактикалық түнгі рейд

Профилактикалық түнгі рейд

     Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз тұрғын үйден тыс жерде болу фактілерін анықтау мақсатында, сондай-ақ жедел-профилактикалық іс-шара аясында 2026 жылғы 4 сәуір күні түнгі профилактикалық рейд өткізілді.

Рейдтің мақсаты — кәмелетке толмағандардың сағат 22:00-ден кейін тұрғын үйден тыс жерде болуына жол бермеу.

Рейд мектеп педагогтері -  Шулембаева С.Р., Внучкова Н.В., Лыгус С.О. тарапынан жүргізілді.

Рейд барысында мектеп пен қала аумағына іргелес орналасқан шағын аудан көшелері, сондай-ақ жасөспірімдер жиналуы мүмкін орындар: дәмханалар, қалалық саябақ, дүкендер, орталық көшелер мен аулалар тексерілді.

Рейд қорытындысы бойынша мектептің кәмелетке толмаған оқушыларының сағат 22:00-ден кейін заңды өкілдерінсіз тұрғын үйден тыс жерде болған фактілері анықталған жоқ.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар жалғастырылады.

Директордың ТЖ жөніндегі орынбасары Г.А.Тупенова