Ұйымдар тізімі
Нашақорлық пен есірткілікті алдын алу
20 сәуірде 9 «Б» сыныбында «Өмір ұзақ болсын» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағатын 9 «Б» сыныбының сынып жетекшісі — Сахнова Олеся Владимировна өткізді. Сынып сағаты барысында оқушылар есірткі және уытты заттарды қолданудың салдарын, олардың адам денсаулығына, психикасына және әлеуметтік өміріне теріс әсерін талқылады.
Өз денсаулығына саналы көзқарасты қалыптастыруға, жаман әдеттерден бас тарту дағдыларын дамытуға және жауапты шешімдер қабылдауға ерекше назар аударылды. Оқушылар талқылауға белсенді қатысып, өз пікірлерін білдірді және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы туралы қорытындыға келді. Іс — шара аясында оқушылар шығармашылық тапсырманы орындады – «нашақордың портретін» бейнеледі, бұл тәуелділік мәселесін және оның салдарын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.
Директордың ТЖ жөніндегі орынбасары Г.А.Тупенова


