Қысқы демалысқа оқушыларға нұсқаулық!
Құрметті балалар! Міне, көптен күткен демалыс уақыты келді, сіздерде демалуға, көңіл көтеруге, достарыңызбен сөйлесуге жеткілікті уақыт пайда болды. Бірақ демалыс қуанышын көлеңке түсірмеу, жақындарымызды ренжітпеу үшін мереке күндері жеке қауіпсіздік ережелерін ұмытпау және сақтау керектігін еске салғым келеді.
Қысқы демалыстағы тәртіп ережелері.
1. Абайлаңыз, мұз аяз! Ғимараттар бойымен жүрмеңіз-қар мен мұздақтардың құлауы мүмкін.
2. Шаңғы тебуде, мұз айдындарда, төбешіктерде сырғанау кезінде өте сақ болу.
3. Су қоймаларында мұз үстінде жүрмеңіз (мұз жұқа болуы мүмкін).
4. Бенгал оттарын, петардаларды тек ересектердің қатысуымен және рұқсатымен өрт қауіпсізідігі ережелері мен қолдану жөніндегі нұсқаулықты сақтай отырып, осы үшін арнайы бөлінген орындарда пайдалану қажет. Үй –жайда бенгал оттарын жағуға, шартылдақтар мен балауыз шырақтарын қолдануға рұқсат етілмейді.
Есіңізде болсын, ашық от әрқашан қауіпті!
5. Тұрмыста өрт қауіпсізідігі ережелерін сақтау. Газ плитасын, электр құралдарын абайлап пайдалан, оларды қараусыз қалдырма.
6.Қоғамдық орындарда тәртіп ережелерін, ЖҚЕ сақтау.
7. Жаппай жаңа жылдық мерекелер өтетін жерлерде жарақат алмау үшін көпшіліктен аулақ болуғы тырысыңыз.
8.Өткір, шанышқы және кескіш, тез жанғыш пен жарылғыш заттармен, ататын және суық қарулармен, оқ-дәрілермен ойнауға болмайды.
9.Дәрігердің тағайындауынсыз дәрі-дәрмек, алкогольдік сусындарды қолданбаңыз, темекі шегуге және улы заттарды иіскеуге болмайды
11.Демалыс кезінде балалар көбінесе үйде жалғыз қалады. Жеке қауіпсіздік мақсатында:
- бейтаныс адамға есік ашпау;
- үйдің (пәтердің) кілтін «жасырын» жерде қалдырмаңыз;
- кілтті мойныңызға іліп қоймаңыз;
- кілт жоғалған кезде бұл туралы ата-анаңа дереу хабарла;
- ешқашан жаңа сатып алған заттармен мақтанбаңыз.
Мектеп директордың ТІ жөніндегі орынбасары
Г.А Тупенова.